Бейнежазбадан әншінің еден жуып жүргенін көруге болады, деп хабарлайды жазады Аlmaty.tv тілшісі Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.
Аталмыш видеоны әртістің әкесі Нұртас Айдарбеков пен інісі Аян Нұртас жариялаған. Онда өнер иесінің келіні Қайрат Нұртас өзі дастарқан жайып, бауырсақ пісіріп, еден жуғанын айтады.
"Бейнежазба соңында эстрада жұлдызы еден жуып жүріп, жақындарына "осы менсіз бірдеңе істей аласыңдар ма?" деп - астар әзілдеп түсірген екен.
- Шын мәніңде ойлап қарасам, біздің отбасымыздағы шаруаның 50 пайызы осы баланың мойында секілді, – деген жазба қалдырды Нұртас Айдарбеков Instagram парақшасында.
Желі қолданушылары әзіл ретінде түсірілген видеоны жақсы қабылдады. "Әрине, сенсіз түк істей алмаймыз. Сен біздің Қайратымызсың ғой", "Кезінде Қайраттың рожки жегенін талқылап еді. Енді өзі еден жуатынын білсе, желі шулайын деп тұр", "Өте күлкілі шығыпты", "Осы отбасы әзілді қатырады", – деп жазуда көпшілік.
Оқи отырыңыз: Төреғали Төреәлі жарына берген уәдесін 10 жылдан кейін орындады