Қазақстандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова Ұзынағашта балаларға жасалған шабуылға қатысты пікір білдірді. Орын алған жағдай өнер иесінің жүрегіне қатты тиген, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі nur.kz-ке сілтеме жасап.
Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram парақшасында әсерлі жазба жариялап, аталмыш оқиға жайлы пікірін жеткізді.
Актриса бейбіт заманда мұндай сұмдық жағдай орын алып жатқанына күйінді. Ол қорлық көрген балалар үшін асқан алаңдаушылық танытты.
- Айдың-күннің аманында, елдегі бейбіт заманда көзден жасты сорғалатты. Ұзынағашта бір үйдің балаларын байлап қойып, ересек адам қорлаған. Кіп-кішкентай балапандардың бетін пышақпен тілуге қалай қолы барды екен? Адам деуге келе ме? Балалардың ата-анасы сол сәтте қайда болған? Заң неге әлсіз? Қоя берсең сұрақ көп. Бірақ мәселе басқада болып тұр. Ес тоқтатқан ересек адам мұндай жауыздыққа міз бақпай бара алуында. Байқайсыздар ма, жыл сайын балаларға жасалатын жауыздықтың деңгейі жан түршіктіріп келеді. Ол жазаланғанымен қорланған балалардың психикасын қайтеміз? Салдарымен емес себебімен күресу шарт. Күзде КарЛаг-та болдым. Ондағы балаларға жасалған жауыздықты тыңдағанда санама ауыр соққы болғаны рас. Бүгін де мына бүлдіршіндердің жайына алаңдап отырмын. Бұл біздің қоғам, оны өзгерту де біздің міндетіміз! Қайтсем екен, - деп жазды өнер иесі.
Оқи отырыңыз: Ұлы анасына қол көтеріп, қабырғасын сындырды