Димаш Құдайберген Данэлия Төлешоваға сәттілік тіледі

19.09.2020 23:55

Бұл туралы әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды

Димаш Құдайберген Данэлия Төлешоваға сәттілік тіледі
Instagram Д. Кудайбергена

Димаш Құдайберген America's Got Talent шоуына қатысып жатқан Данэлия Төлешоваға сәттілік тіледі, деп хабарлайды Almaty.tv. Бұл туралы әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

«Балапанчик, мен саған сенемін! Сәттілік, Данелек!» – деп жазады әнші.

Естеріңізге сала кетейік, Данэлия Төлешова бір тәулік ішінде АҚШ көрермендерінің дауыс беру нәтижелері бойынша фавориттер қатарынан көрініп, America's Got Talent шоуының финалына жолдама алған еді.

America' s Got Talent 15-кезеңінің финалы 22 қыркүйекте NBC телеарнасының тікелей эфирінде өтеді.