Халық әртісі Роза Рымбаева зейнетақысының мөлшерін айтты

ашық дереккөзден
ашық дереккөзден
Ресейлік әріптестеріміздің материалдық байлығын біз тек армандай аламыз
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Халық әртісі Роза Рымбаева өзінің зейнетақысының көпшілік ойлағандай көп емес екенін мойындап, зейнетақысының мөлшерін жариялады. Ол бұл туралы ресейлік «Собеседник» басылымына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі "Айқын" газетіне сілтеме жасап.

«Сізге түсінікті болу үшін долларға айналдырып айтайын. Зейнетақым – екі жүз доллар. Қосымша ақылар да бар (Әр түрлі атағы үшін – ред.). Ресейлік әріптестеріміздің материалдық байлығын біз тек армандай аламыз», – деді Роза Рымбаева.

Роза Қуанышқызының айтуынша, ресейлік және еуропалық шоу-бизнес пен отандық әншілердің табысын салыстыруға келмейді. Қаражат табу үшін тынымсыз жұмыс істедік. Біздегі халық әртісі лимузин, яхта, зәулім үйден де құр алақан екенін атап өтті.

Новости партнеров