Өнер иесі қуанышты жаңалығын Instagram парақшасында бөлісті
Жуырда отандық кәсіпкерге тұрмысқа шыққаны белгілі болған танымал әнші Тамара Асар қыз баланы дүниеге әкелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
Өнер иесі қуанышты жаңалығын Instagram парақшасында бөлісті. Тамара Асар ең алдымен түсінде көпбалалы әншілер Қыдырәлі мен Қарақатты, сондай-ақ алты бала босанған анасын көргенін айтқан.
«Оянып кетіп төбеге қарап ойланып, өздігімнен күбірлеп, түсімді жори бастадым. Қарақат көп балалы, анасы да көп балалы, менің шешем де алты баланы өмірге әкелген, оның үстіне жас күніндегі пальтосын маған кигізгеніне қарағанда... мен де... шын ба? – дедім де, қуанғаннан көзімнен жас мөлт етті… Өмірге бүгін Ажар Жұмашқызы келді. Шүкір Аллаға», – деп жазды ол.
Сүйінші жаңалықты естіген желі қолданушылары әншіні құттықтап, нәрестеге ұзақ өмір тілеген.
«Бауы берік болсын, керемет жаңалық екен", "Өмір жасын ұзақ болсын", "Құтты болсын, Тамаражан! Айналайын бақытты бол, батыр қызым, ғұмырлы болсын, Ажарың», – дейді желідегілер.