Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны жарық көрді
© Instagram / kudaibergenov.dimash
«Қайран елім» әнінің музыкасын Ренат Ғайсин, сөзін Данияр Алдаберген мен Орал Байсеңгір жазған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің «Қайран елім» атты әнінің бейнебаяны жарық көрді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Қайран елім» әнінің музыкасын Ренат Ғайсин, сөзін Данияр Алдаберген мен Орал Байсеңгір жазған.
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаянының режиссері болды.
«Достар, жақсы және жаман жаңалық бар. Мен өзімнің жаңа бейнебаянымның режиссері болдым. Бұл өнерді бағалайтындар үшін жаман жаңалық, әрине. Дегенмен жақсы жаңалығым да бар: мен жалғыз болмадым. Мені және көрермендерімді талантты қоюшы-оператор, режиссер және өте керемет адам – Азамат Дулатов құтқарып қалды», – деп жазған болатын Instagram парақшасында.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
06.10.2026 09:30
Елордада бес көлікті жалын шарпыды
06.10.2026 10:00
Алматыда коммуналдық қызметтердің қысқа дайындығы талқыланды
06.10.2026 11:20