Димаш Құдайберген жаңа бейнебаянының тизерін жариялады

24.04.2021 04:34

Dimashnews сайтының мәліметінше бейнебаянды атақты украиналық клипмейкер Радислав Лукин түсірген.

ашық дереккөзден

Әнші Димаш Құдайберген «Be With Me» атты жаңа бейнебаянының аңдатпасын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

«Жақында «Be with me» атты жаңа бейнебаяным жарыққа шығады. Жарқын эмоциялардың үйлесімі, драйв және басты кейіпкердің батылдығы ерекше формат болғалы тұр. Жаңа оқиға – Жаңа мен! Премьераны өткізіп алмау үшін менің барлық әлеуметтік желілерімдегі жаңалықтарды қадағалаңыздар», – деп жазды Д. Құдайберген Instagram парақшасында.

2 сәуірде барлық цифрлық музыкалық платформаларда Димаш алғаш рет «Dimash Digital Show» онлайн-концертінде орындаған «Be With Me» композициясының студиялық нұсқасы шықты.

Dimashnews сайтының мәліметінше бейнебаянды атақты украиналық клипмейкер Радислав Лукин түсірген.



Теги: бейнебаян