«Қайғылы қаңтар: Бүліктен соң...» деректі фильмінің бесінші сериясы бүгін сағат 18:00-де шығады
Журналистік зерттеу жанрындағы авторлық фильмнің мақсаты – Алматыдағы қаңтар оқиғасына қатысты алып-қашпа әңгімелерді ысырып тастап, жағдайдың қалай болғандығын оқиға хронологиясын қалыпқа келтіру арқылы шындыққа көз жеткізу, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бүкіл ел үшін нағыз сынаққа айналған трагедия туралы 5 сериялы фильм эксклюзивті сұхбаттар мен бұрын белгісіз болған фактілерді ұсынады. Ең бастысы, қанды тәртіпсіздік пен жантүршігерлік бүлікке әкелген наразылық шерулерінің егжей-тегжейлі хронологиясын жаңғыртады.
Қайғылы қаңтардың бастауында не жатқанын, қарақшылардың әкімдік, әуежай мен полиция бөлімін қандай мақсатпен басып алғысы келгенін оқиға орнында болған қатысушылар мен куәгерлер баяндайды. Қаңтардағы бей-берекеттік кімге пайдалы болды және бұл қиын жағдайда ел тұтастығы қалай сақталғанын түсіну үшін журналистер сол кездегі оқиғаларға өзіндік талдау жасады.
Бүгін 29 желтоқсан сағат 18:00-де «Алматы» телеарнасында, сондай-ақ YouTube арнасында «Қайғылы Қаңтар: Бүліктен соң...» деректі филімінің бесінші сериясын көре аласыздар.