Бағдарламаның бүгінгі қонағы – мұғалім Дәурен Сағынғалиев
Өткір сұрақ, бүкпесіз жауап. «Шынайы Ақберенмен» бағдарламасы үзілістен кейін көрерменге қайта жол тартты. Сыр-сұхбат форматындағы бағдарламада танымал өнер иелері, кәсіби мамандар сұрақтарға еш бүкпесіз әрі бұлтармасыз жауап береді. Бағдарламаның кезекті қонағы – мұғалім Дәурен Сағынғалиев, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бағдарламада Дәурен Сағынғалиев оқушылар мемлекеттік грантқа ие болу үшін ҰБТ-ны қалай тапсырады, бала болашағына ұстаз қалай әсер етеді, марапат пен парасат, мұғалімнің қазіргі міндеті жөнінде сөз қозғайды.
Ұстаздық – ұлағатты жол. Осы жолды таңдаған мұғалімнің ой-пікірін білгіңіз келсе, бүгін сағат 20.00-де «Шынайы Ақберенмен» бағдарламасын көріңіз.