«Сәлем, Алматы!» бағдарламасы көрерменге жол тартты

14.09.2022 19:51

Бағдарлама «Алматы» телеарнасынан әр жексенбі сағат 11:20-да көрсетіледі

Almaty.tv

«Алматы» телеарнасынан «Сәлем, Алматы!» бағдарламасының алғашқы шығарылымы 11 қыркүйекте эфирге шықты.

Танымдық және ойын-сауық сипаттағы бағдарлама көрерменді қалай қуантпақ? Бұл туралы бағдарлама жүргізушісі Әсет Арыстанбек Almaty.tv тілшісіне айтып берді.

«Бағдарлама әр жексенбі таңғы уақытта эфирден шығады. Көрерменмен қызықты, тың деректермен бөлісеміз. Өйткені бұл күні қандай тұлғалар дүниеге келді? Қай елде қандай ерекше мереке? Сол сияқты өзге қызықты ақпарат айтамыз. Сондай-ақ еліміздегі тарихта қалған оқиғалар сол датамен тұспа-тұс келіп жатса,  міндетті түрде бөлісетін боламын», деді  бағдарлама жүргізушісі.

Сондай-ақ Әсет Арыстанбектің айтуынша, бағдарлама барысында көрермен редакцияға хабарласып, жақынына жылы лебізін жолдай алады.

«Біздің бағдарламаны халық тек тамашалап қана қоймай, бізге хат жолдай алады. Құттықтау сөздер айтып, жылы лебізін білдіре алады. Сондықтан «Сәлем, Алматы!» бағдарламасын міндетті түрде көріңіздер! Біз көрермен көңіліне қуаныш сыйлауға дайынбыз», – деді Әсет Арыстанбек.

Бағдарлама «Алматы» телеарнасынан әр жексенбі сағат 11:20-да көрсетіледі.

«Сәлем, Алматы!» бағдарламасының алғашқы шығарылымын төмендегі сілтемеден көре аласыздар.