Жуырда: Almaty.tv-де «Бақытты отбасы» әлеуметтік жобасы эфирге қайта шығады

03.08.2022 21:55

30 минуттық бағдарлама аптасына 2 рет, қазақ және орыс тілінде көрсетілетін болады

«Алматы» телеарнасында жаңа маусым басталды. Жыл сайын өз көрерменін тың телевизиялық жобалар және жаңа телесериалмен қуантатын арна ұжымы биыл да бұл дәстүрден жаңылмады. Көпшілікке белгілі «Бақытты отбасы» әлеуметтік жобасы көрермен назарына қайта жол тартады.

Бұл жобаның басты міндетінің бірі – көпбалалы және жалғызбасты аналардың мәселесін шешу. Бағдарлама барысында  кейіпкер күнделікті тұрмыста кездесетін қиындықтарды қалай жеңгенін айтып, шағын және орта бизнесте жеткен жетістіктері туралы баяндайтын болады.

Сондай-ақ олар  эфир арқылы көрерменге кеңес беріп, тәжірибесімен бөліседі.

Бағдарламада өз кәсібін ашу, білімді кәсіпкер, сауатты маман ретінде қалыптасу сынды түрлі тақырып талқыланады. Кейіпкерлер керекті мамандардан кеңес алады. 

«Бақытты отбасы» әлеуметтік жоба. 30 минуттық бағдарлама аптасына 2 рет, қазақ және орыс тілінде көрсетілетін болады.

Айта кету керек, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен кейіпкерлер алға қойған мақсатына жетеді.