Almaty телеарнасы Балаларды қорғау күніне орай байқау жариялады

20.05.2021 18:36

Жеңімпаздар 4 маусымда «Таңғы студио» бағдарламасында анықталады

Аlmaty.tv

Балаларды қорғау күніне орай «Алматы» телеарнасы балалар арасында байқау жариялайды. Егер сіз патриоттық өлең жазсаңыз немесе мәнерлеп оқуды ұнатсаңыз, онда өлеңді оқып тұрғаны сәтіңізді видеоға түсіріп, бізге жолдаңыз.

Видеоны #МеніңҚазақстаным30 және #MeninQazaqstanym30 хэштегімен Инстаграмға жариялап, «Алматы» телеарнасы мен «Таңғы студио» парақшасын белгілеңіз. Сәтті түсірілген видео авторлары, яғни жеңімпаздар 4 маусымда «Таңғы студио» бағдарламасында анықталып, бағалы сыйлықтардың иегері атанады.