Жаңа ток-шоу, жаңа бағдарлама! Бүгін "Алматы" телеарнасында шынайы өмірдегі шынайы кейіпкерлердің оқиғалары еш боямасыз, бүкпесіз көрсетілетін "Шешімі бар" ток-шоуы көрермендерге жол тартады.
Аталмыш бағдарламада кез келген мәселені қоғам талқысына салып, оны шешу жолдарын іздейді.
Күрмеуі шешілмей келген күрделі мәселенің шешімін табады.
Бағдарламаға кәсіби сарапшылар, қоғам қайраткерлері, блогерлер, құқық қорғау органдарының, медицина және әлеуметтік қызметтердің өкілдері, саясаткерлер, психологтар, танымал адамдар және т. б. қатысады.
"Шешімі бар" ток-шоуы сәрсенбі-жұма аралығында сағат 18:00-де "Алматы" телеарнасында көрсетіледі.