«Алматы» телеарнасынан «Алматы кеші» бағдарламасы көрерменге жол тартпақ. Ток-шоуға елімізге танымал әртістер, музыканттар, жазушылар, өнер қайраткерлері, спортшылар қонақ болып, көрерменнің көңіл сарайын ашады. Себебі бағдарламадан әсерлі әңгіме, астарлы әзіл, көтеріңкі көңіл-күй, қағытпа қалжың, қызықты оқиға – бәрі-бәрін ток-шоудан көре аласыздар.
Бағдарлама жүргізушісі – Тәуекел Мүсілім. Шоудың басында жүргізуші елдегі өзекті тақырыптарға қысқаша әзіл айтады. Келген қонақтар жаңалықтарын айтып, түрлі тақырыпта ойын бүкпесіз баяндайды. Ток-шоу соңында музыкалық топ көрермендер үшін жанды дауыста ән салады.
Ток-шоудың алғашқы қонағы әнші Медеу Арынбаев бағдарламаның ғұмырлы болуын тіледі.
«Бағдарлама өте қызықты. Мен оның ғұмырлы болуын тілеймін. Ең бастысы ұйымдастырушылар халықтың қошеметіне ие болып, сол үшін күш-жігерін салса, сүйіспеншілікпен қарайтын болса, әрине ғұмырлы болады деп ойлаймын», – деді әнші.
Сонымен қатар, әнші бағдарламаға құр қол келмей, әннен шашу шашты.
«Бүгінгі бағдарламаға «Алматы – мәңгі жыр қала» әнін алып келдім. Бұл ән біраз жылдар бұрын жарыққа шыққан. Аталған ән бойтұмарыма айналып бара жатқандықтан, арғы күні бейнебаян түсірмек ойым бар. Ол Алматының көгалдандыру кезінде түсірдік, соны қоcпақпыз. Бейнебаянның алғашқы жұмыстары басталып кетті», – деді М. Арынбаев.
Ендеше , әр жексенбі сағат 21.00-де «Алматы» телеарнасы қосулы болсын!