|
22.03.2021 | 19:47
8240

«Алматы» телеарнасы «Наурыздан наурызға амандықпен» телемарафонын өткізді

Халықтың сүйіктісіне айналған «Муз АРТ» тобының құрылғанына биыл 20 жыл толуына орай, «Алматы» телеарнасы аталмыш топты құттықтап, арнайы жоба дайындады

«Алматы» телеарнасы «Наурыздан наурызға амандықпен» телемарафонын өткізді

Пандемияға байланысты биыл мерекелік шаралар онлайн форматқа ауысты. Өйткені, көңіл көтеру орындары жұмыс істемейді. Сол себепті көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін телеарналар арнайы бағдарлама әзірледі. Айтулы күнде «Алматы» телеарнасы не ұсынды?

19 наурызда «Алматы» телеарнасы «Наурыздан наурызға амандықпен» атты телемарафон өткізді. Түрлі қонақтар мен құттықтаулар, концерттер мен шеберлік сағаттары көрсетілген бағдарламада ұлттық өнер, қазақы ғұрып дәріптеліп, Наурыздың мәні, шығу тарихы насихатталды. Арнамыз ұйымдастырған телемарафонға арнайы келген қонақтар Қазақстан халқын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, ақ ниет, ізгі тілектерін жеткізді.

Ата кәсіпті жаңғыртып, сол арқылы ұлттық өнерді дәріптеп жүрген қолөнершілер арнайы шеберлік сағатын өткізді. Ал көпшілікті көктемнің шуақты мерекесімен құттықтаған АҚШ Бас консулдығының Баспасөз, мәдениет және білім мәселелері жөніндегі кеңесшісі Ананд Кришна тікелей эфирде марафон жүргізушілерімен ұлттық ойын- тоғызқұмалақты ойнап, алғаш рет бауырсақтан дәм татты.

Телемарафон жаңа жұлдызды өмірге әкелді. Мерекелік бағдарламаға қонақ боп келген Алтынбек Қоразбаев пен «Муз АРТ» тобының музыкалық продюсері Арман Бексұлтан Нұр-Сұлтаннан тікелей байланысқа шыққан Александр Аверкинмен қосылып ән шырқап, «Сары бала Сашканың» өнеріне оң баға берді. Қазақ эстрадасының бағыт сілтер бағдары болған ел ағасы Александрды әскери қызметін өтеген соң, кездесуге шақырды.

Сондай-ақ, «Алматы» арнасының әз-Наурызға арнаған мерекелік концерттері де аз болған жоқ. Халықтың сүйіктісіне айналған «Муз АРТ» тобының құрылғанына биыл 20 жыл толуына орай, «Алматы» телеарнасы аталмыш топты құттықтап, арнайы жоба дайындады.

Айта кетейік, топтың мерейтойына арналған деректі фильмді арнамыздың Youtube парақшасынан тамашалай аласыздар.

«Алматы» телеарнасы ұйымдастырған телемарафонның «Наурыздан наурызға амандықпен» деп аталуында да өзіндік мән бар. Күн сайын елдегі эпидемологиялық жағдай ушыққанда, арна ұжымы әрқайсыңызды карантин ережелерін бұзбауға, жаңа жылды жанұямен қарсы алуға шақырады.  Айта кетейік, «Наурыздан наурызға амандықпен» телемарафоны барлық карантин талаптарын сақтай отырып,  күні бойы көрермен назарына ұсынылды.

Мадина Оқас, "Алматы" телеарнасы


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир