|
23.08.2021 | 15:25
40387

«Алматы» арнасында тұсаукесер: Қазақстанда алғаш рет түсірілген "TikTok House" телехикаясы көрерменге жол тартады

Комедия жанрында түсірілген бұл сериал қандай өзекті әлеуметтік мәселелерді қозғамақ?

«Алматы» арнасында тұсаукесер: Қазақстанда алғаш рет түсірілген "TikTok House" телехикаясы көрерменге жол тартады Almaty.tv

«Алматы» телеарнасы көрермен назарына жаңа сериал ұсынады. TikTok House деп аталатын қызыққа толы жасөспірімдердің TikTok әлеміндегі өмірі жайлы көрсетіледі. Комедия жанрында түсірілген бұл сериал қандай өзекті әлеуметтік мәселелерді қозғамақ? Бұл туралы Almaty.tv тілшісіне TikTok House сериалының актерлері айтып берді.

Бүгінде TikTok әлеуметтік желілерде өте танымал. Күн сайын жаңа тенденциялар, тіпті жаңа жұлдыздар пайда болып жатыр. TikTok-қа қызығушылық танытатын жастардың саны күннен-күнге артып келеді. Солардың бірі жас тиктокер Мәмбетәлі Аружан басты рөлдердің бірін сомдайды.  

«Менің аудиториям пранк түсіргенімді ұнатады. Көбіне қазақша контент түсіремін. Соңғы тиктогым 4,5 млн қаралым жинады. Ал, енді түсірілім жайында айтатын болсам, сериалға түсу жайында ұсыныс келіп түсті. Іріктеуге шақырды. Тиктоктан ғана танылып қоймай, өзімді кино әлемінде сынап көргім келді. Бұл сериалда мен орысша түсінбейтін, тек қазақша сөйлейтін Маша деген қыздың рөлін ойнаймын. Көрерменге ұнайды деген ойдамын», – деді Аружан.

8-10 адамнан тұратын команданың ішінде елімізге танымал жас актер Мырза Махамбет те өзінің сериалдағы рөлі жайлы айтып берді.

«Осы сериалға келіп, өзім TikTok аштым. Бір аптада 50 мың оқырман, миллион қаралым жинап үлгердім. Оның құпиясы қысқаметражды видеоролик түсіру. TikTok-та өзімді қазіргі сомдап жатқан рөлімді, актер ретінде көрсетіп жатырмын. Бұл сериалда мен ауылдан келген продюссердің інісі Дүйсенбектің рөлін сомдаймын», – деді Махамбет.

TikTok House сериалын дүйсенбі күні «Алматы» телернасынан кешкі сағат 20:40-та көре аласыздар.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир