«Алматы» телеарнасы «Мұғалімдер күніне» орай жаңа акция бастайды

03.10.2020 15:25

Ең көп лайк жинаған қатысушы жеңімпаз атанып, «Алматы» телеарнасының арнайы сыйлығымен марапатталады

Almaty.tv

Қазан айының бірінші жексенбісі - «Мұғалімдер күні». Осы орайда, «Алматы» телеарнасы «Менің алғашқы ұстазым» атты акциясын бастайды. Қатысу үшін мұғалім жайлы пост немесе бейнеқұттықтау түсіріп, біздің  +7-747-324-77-07 what’s app нөміріне немесе  instagram, Facebook әлеуметтік желісіне #меніңалғашқыұстазымалматы хэштегімен жариялаңыз.

Ең көп лайк жинаған қатысушы жеңімпаз атанып, «Алматы» телеарнасының арнайы сыйлығымен марапатталады. Акция 2020 жылдың 5 қазанына дейін жалғасады.

Ұстазыңды құттықтап сыйлыққа ие бол!