Бағдарлама эфирге 7 шілдеден бастап шығады
Жуырда «Алматы» телеарнасынан «Жаңа көзқарас» бағдарламасы көрерменге жол тартады.
Бағдарламаның басты мақсаты – халықты толғандырып жүрген тақырыптар мен мәселелерді көтеріп, сарапшылармен талқылау.
«Бағдарламаның міндеті – қоғамдағы өзекті мәселені шешу жолдарын қарастыру. Телевизиялық бағдарламаға аудан әкімдері мен әр саланың мамандары келеді. Қазіргі таңда баспана алудың тиімді жолдары қандай? Қандай бағдарламалар бар? Міне осындай және басқа да сұрақтың жауабын «Жаңа көзқарас» бағдарламасынан таба аласыздар», – деді бағдарламаның бас редакторы Ильзат Акчурин.
Айта кетейік, қазақ және орыс тілінде көрсетілетін бағдарлама бейсенбі күндері сағат 15:30-да көрсетіледі.