Чемпиондар каратэден жас жеткіншектерге шеберлік сабағын өткізді

04.08.2025 19:14

«Балаларды қолдау орталығының» тәрбиеленушілеріне сыйлық табыстады

Еліміздің ең үздік каратэшілері «Балаларды қолдау орталығының» тәрбиеленушілерімен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Демалыс күні Алматы облысына арнайы ат басын бұрған чемпиондар жас жеткіншектерге шеберлік сабағын өткізді. Орталықтың балалары спортшылармен бірге жаттығу жасап, киокушинкай-кан каратэнің элементтерін тамашалады. Тіпті халықаралық жарыстарда топ жарып жүрген қыз-жігіттердің медальдарын мойынына тағып, бір сәт өздерін де чемпион сезінуге мүмкіндік алды. Іс-шара балаларды спортқа баулу, олардың рухын көтеру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған.

«Өте әдемі! Шабыттанады екенсің, қызығып кеттім. Кезінде 1,5 жыл каратэмен айналысқам», – деді  «Балаларды қолдау орталығының» тәрбиеленушісі Дана Макина.

«Балалардың көзі жанып жатыр. Мақсатымыз – балаларды спортшылармен таныстыру. Шағын сыйымыз бар. Құттықтап келіп отырмыз», – деді Ұлттық республикалық киокушинкай-кан каратэ федерациясы Алматы облысы филиалының президенті Бауыржан Айнабеков.

Оқи отырыңыз: Алматыда жеңіл атлетикадан ірі халықаралық жарыс аяқталды