АСА 105: Арман Оспанов Расул Мирзаевты нокаутпен жеңді
Хабар 24
Барлығы "сұңқар" лақап атымен танылған Арман Оспановтың жеңіске жететініне сенімді болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда көптен күткен «Absolute Championship Akhmat 105» турнирі өтті. Отандасымыз Арман Оспанов ресейлік Расул Мирзаевпен бірінші раундта нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Аралас жекпе-жекті алматылықтардың сағынып қалғаны көрініп-ақ тұрды. "Алматы-арена" спорт кешенінде ине шаншар жер болған жоқ. Жетіде басталатын аламанға кешкі бестен бастап жиналған. Барлығы "сұңқар" лақап атымен танылған Арман Оспановтың жеңіске жететініне сенімді болды.
Арман Оспанов пен Расул Мирзаевтың айқасы бұған дейін бірнеше мәрте жоспарланғанымен, әртүрлі себепке байланысты өтпей қалған еді. Бүгінгі жекпе-жек ұзаққа созылған жоқ. Алғашқы минуттарда Арман Расулды нокаутқа жіберіп, жеңіске жетті.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33