Зейнеткерді алдап соққандардың «Алатау жарық компаниясына» қатысы бар ма

ognialatau.kz
ognialatau.kz
Арнамызға осы мәселені айтып алматылық зейнеткер хабарласты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда әлдекімдер пәтер ішіндегі тоқ кернеуін тексергені үшін тұрғындардан қомақты ақша алып жүр. Ол аздай есептегіш құралындағы қандайда бір затты да ауыстырғанына да қаражат сұрайтын көрінеді. Арнамызға осы мәселені айтып алматылық зейнеткер хабарласты, деп хабарлайды Almaty.tv  тілшісі.

Алатау жарық компаниясының өкілдері не дейді?

Маевская Лариса зейнет жасында. Қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде жалғыз тұрады. Айтуынша, өздерін үйдегі тоқ кернеуін тексереміз деп таныстырғандар алдымен үйде ер адам бар ма деп сұрайды екен. Егер жоқ деп жауап берсеңіз, ауданда тексеріс жүріп жатыр деген сылтаумен мамандарын жібереді. Олар әлде қандай құрылғымен пәтер ішінде тоқ кернеуі жоғары болып тұрғандығын шығарып береді. Тиісінше, ол өртке қауіпті. Одан кейін сол тексергені үшін құжаттар толтыртып, 20 000 теңге алған.  

«20 000 теңге алған соң, екінші маманды шақырды. Ол есептегіш құралының қасындағы мен білмейтін бір затты ауыстырып, соған тағы 15 000 теңге алды. Содан кейін 4 наурызда тағы хабарласты. Ол кезде мен бас тарттым. Бір рет ақша берген соң, тағы да алуды көздеді деп ойлаймын», – деді зейнеткер Лариса МАЕВСКАЯ.

Өздерін "Электр сервис" деп таныстырған компания өкілдерінің тұрғыннан қаражат алғаны туралы құжаттарының барлығы түгел. Тек "үйіңізде өрт болуы мүмкін" деп қорқытатын көрінеді. Әуезов ауданын торауылдап жүрген олар сол маңдағы бірнеше пәтер иелеріне хабарласқан екен.  

«Менің білетінім олар біздің үйде тұратын 5 тұрғынға хабарласқан. Олардың қатарында мен де бармын. Бірақ өз басым мұндайлардың әрекеті дұрыс еместігін біліп, бірден бас тарттым. Айтқым келетіні,  өзге зейнеткерлер не болмаса тұрғындар ұрынып  қалмаса екен деймін», – деді Әуезов ауданының тұрғыны Юрий МИНАЕВ.

Осы мәселе бойынша "Алатау жарық компаниясына" хабарластық. Ондағы мамандар компания екі бағытта ғана жұмыс істейтіндігін айтады. Ол кіреберісте тұратын есептегіштің көрсеткіштерін жазып алу және жоспарлы тексеріс жүргізу. Маман келген жағдайда ешқандай қолма қол ақша алмайды дейді.  

«Егер біздің компания атынан келетін тексеруші немесе электроматер сіздің үйге кіретін болса, алдымен өзін таныстырады және қызметтік куәлігін көрсетеді. Ал, негізінен үйдегі тоқ кернеуін тек пәтер иелері комперативімен келісім-шартқа отырған компания ғана тексере алады. Тұрғындарға айтарымыз өзге тұлғаларға сене бермеңіздер»,  – деді   "Алатау жарық компаниясының" басқарма басшысы Дмитрий ХЛЫБОВ.

Осылайша болмашы дүние үшін зейнетақысының жартысынан көбін бере салған Лариса Алексейқызы енді дәрі алатын ақшам қалмады деп сан соғып отыр.

Арнат Дүйсен, Ялкунжан Әшімжанов, Ғани Қалуов

 "Алматы" телеарнасы


Новости партнеров