Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы – қазақстандық Геннадий Головкин еліне оралады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sports.kz-ке сілтеме жасап.
«Елге Гена ағамызбен қайттық! Оның DAZN арнасынан менің жекпе-жегімді көргеніне қуаныштымын», - деп жазды боксшы Сұлтан Зәуірбек Instagram-парақшасында.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Зәуірбек Эдинбургте (Шотландия) испаниялық Джон Картермен (15-1-1, 7 КО) жекпе-жекте үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын.
Айта кетейік, бұған дейін 41 жастағы Головкин кәсіби мансабындағы соңғы жекпе-жегін Қазақстанда өткізуі мүмкін екені хабарланған болатын.
Оқи отырыңыз: Каратэден Азия чемпионаты: қазақстандықтар 10 медаль жеңіп алды