Әйгілі қақпашы Буффон футболдан кеткенін мәлімдеді

03.08.2023 в 11:54

Футболшы 2006 жылы Германияда өткен әлем біріншілігінің ең үздік қақпашысы атанған

Италияның атақты голкипері Джанлуиджи Буффон 45 жасында футболдағы карьерасын тоқтатты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

- Ал жігіттер, осымен болды! Сендер маған бәрін бердіңдер, мен де сендерге бәрін бердім. Біз оны бірге жасадық, - деп жазды әйгілі қақпашы. 

Айта кетейік, Джанлуиджи Буффон 1978 жылы Италияда өмірге келген. Даңқты футболшы, қақпашы, әлемдік футболдың рекордшы-қақпашыларының бірі. Ол 5 әлем чемпионатына қатысқан - 1998, 2002, 2006, 2010 және 2014 жылдары. Ал 2006 жылы Германияда өткен әлем біріншілігінің чемпионы болып, аталған турнирдің ең үздік қақпашысы атанды.