Қазақстан Еуро-2024 іріктеу ойындарында Солтүстік Ирландияны жеңді

20.06.2023 в 13:06

Жалғыз голды 88-минутта ойынға қосылған Абат Айымбетов соқты

sports.ru

Футболдан Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу сатымында төртінші тур ойынын өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.

Н тобындағы Магомед Адиев командасы Белфастта Солтүстік Ирландия құрамасымен кездесті. Екі команда арасында өткен кездесу қазақстандықтардың 1:0 есебіндегі жеңісімен аяқталды.

Жалғыз голды 88-минутта ойынға қосылған Абат Айымбетов соқты. Шабуылшы «Астана» өз аумағында допты қабылдап, британдық команда қорғаушыларын айналып өткен соң қақпаға қарай жылжып келіп, қақпашы Бэйли Пикок-Фаррелді қапы қалдырды.

Төрт турдың қорытындысы бойынша ұлттық құрама тоғыз ұпай жинады. Солтүстік Ирландияның үш ұпайы бар.

Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 7 қыркүйекте тоғыз ұпай жинаған Финляндия құрамасымен өткізеді.