Үшінші орын үшін өткен кездесуде Қазақстан ерлер командасы Түркияны 3:1 есебімен ұтты
Каратэден Дубайда өткен әлем чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы кумитеден командалық жарыста қола медаль иеленді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҰОК сайтына сілтеме жасап.
Командалық сында қазақстандықтар қола жүлдеге таласу мүмкіндігін алған еді. Үшінші орын үшін өткен кездесуде Қазақстан ерлер командасы Түркияны 3:1 есебімен ұтты.
Игорь Чихмарев қарсыласымен тең түсіп, Бейбарыс Жаңбырбай 1:2 есебімен ұтылды. Ал Данияр Юлдашев, Нұрқанат Әжіқанов және Нұрнияз Елдашев қарсыластарынан басым түсіп, әлем чемпионатында алғаш рет командалық жарыстан жүлде алды.
Еске сала кетейік, жекелей сында Софья Берульцева мен Нұрқанат Әжіқанов қола жүлдегер атанған болатын.