Президент әлем чемпионы Ризабек Айтмұқанды жеңісімен құттықтады

19.09.2023 в 13:25

Ол қазақ балуандары арасында тұңғыш рет әлем чемпионы атанды

Акорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлем чемпионы Ризабек Айтмұқанды жеңіске жетуімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

– Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұқанды Белградта өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында алтын медаль иеленуімен құттықтаймын! Ол қазақ балуандары арасында тұңғыш рет Әлем чемпионы атанды. Бұл – тарихи жетістік. Ризабек Айтмұқанның жарқын жеңісі жас буынның спортқа құлшынысын арттырады деп сенемін, – деді Президент.