Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы 11 медаль жеңіп алды

Сгенерировано ИИ
Сгенерировано ИИ

Бірінші күні жүзу және суға секіру жарыстары өтті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Су спорты түрлерінен Нью-Кларк-Сити (Филиппин) қаласында XI Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Almaty.tv. тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сары құрлықтың бәсекесінде 3 жас ерекшелігі бойынша жүлделер сарапқа салынады: А тобы (18 жастан және жоғары), В тобы (15-17 жас), С тобы (14 жас және кіші).

Бүгін бірінші жарыс күнінде жүзу және суға секіру сайыстары бойынша жеңімпаздар анықталды.

Қазақстан спортшыларының нәтижесі:

Жүзу, А тобы:

Аделаида Пчелинцева, 100 метрге брасс әдісімен жүзу — алтын;

Ксения Игнатова,  50 метрге шалқалай жүзу - алтын;

Диана Тасжанова, 200 метрге еркін әдіспен жүзу - күміс, 800 метрге еркін жүзу — қола;

Әйелдер құрамасы (Аделаида Пчелинцева, Диана Тасжанова, Ксения Игнатова, Софья Сподаренко), эстафета 4х100 метрге еркін әдіспен жүзу — күміс.

Жүзу, В тобы:

Егор Попов, 50 метрге шалқалай жүзу — алтын;

Арсен Қожахметов, 100 м брасс - күміс;

София Абубакирова,  200 м кешенді жүзу - күміс, 50 м шалқалай жүзу - қола;

Ерлер құрамасы (Егор Попов, Егор Василенко, Алексей Крученко, Данил Черепанов),  эстафета 4х100 метрге еркін әдіспен жүзу — күміс.

Суға секіру, А тобы:

Диана Жұмағұлова/Анабелла Кочкина, 3 метрлік тұғырдан синхронды секіру — күміс;

Жүзу жарысы 29 ақпанда, суға секіру сайысы 1 наурыз күні аяқталады. 2-6 наурыз аралығында көркем жүзу, 3-9 наурыз аралығында су добынан жүлделер сарапқа салынады.

Оқи отырыңыз: Алматыда жасөспірімдер арасында спорттық жарыс өтті

Новости партнеров