Жәмила Бақбергенова күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
olympic.kz
Бұл Жәмиланың ересектер арасындағы әлем чемпионатында еншілеген алғашқы медалі
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Норвегияның Осло қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында әйелдер күресінен 72 келі салмақ дәрежесіндегі финалдық кезең аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Аталған салмақ бойынша финалда белдескен қазақстандық Жәмила Бақбергенова жапондық Масако Фуруитиден жеңіліс тапты. Қорытынды есеп - 0:3.
Бұл Жәмиланың ересектер арасындағы әлем чемпионатында еншілеген алғашқы медалі. Бұған дейін ол 2019 жылы Нұр-Сұлтанда өткен әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күресіп, тап осы Масакодан 0:2 есебімен ұтылған болатын.
Ослодағы әлем чемпионатын Қазақстан әйелдер командасы жалғыз медальмен аяқтады. Ал еркін күрес шеберлерінің еншісінде бірде-бір медаль жоқ.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
31.10.2026 09:50
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
31.10.2026 10:36
Баланың гаджетке тәуелді болып бара жатқанын қалай байқауға болады
31.10.2026 17:35