Футзалдан ӘЧ: ҚР Президенті Қазақстан құрамасын жартылай финалға шығуымен құттықтады

28.09.2021 13:40

Алдағы ойындарына да сәттілік тілеймін – Тоқаев

akorda.kz

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев футзалдан Қазақстан құрамасын әлем чемпионатының жартылай финалына шығуымен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы алғаш рет әлем чемпионатының жартылай финалына шығып, керемет сенсация жасады. Құтты болсын! Алдағы ойындарына да сәттілік тілеймін!» – деп жазды Мемлекет басшысы twitter парақшасына.