Футболдан Еуропа чемпионатының ширек финалына жолдама алған құрамалар толықтай анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Дүбірлі доданың 1/8 финалындағы соңғы кездесуде Швеция мен Украина жасыл алаңға шықты. Екі құрама бұған дейін 4 мәрте кездесті. Оның 1-де Швеция басым түсіп, 2-де Украинаның мерейі үстем болды, қалғанында тең нәтиже тіркелді.
Украина өзінің тарихында тұңғыш рет құрлықтық доданың мұндай сатысында бақ сынап отыр. Сондықтан жанкүйерлерін қуантуға бар күшін салатыны анық еді. Есепті алғаш болып украиналық футболшылар ашты. Кездесудің 27-минутында Александр Зинченко есеп ашса, оған 43-минутта швециялық Эмиль Форсберг бір голмен жауап қайырып, таразы басын теңестірді.
Негізгі кезең 1:1 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймның соңғы 120-минутында украиналық Артём Довбик жеңіс голын соқты. Осылайша Украина өзінің тарихында алғаш рет құрлықтық доданың ширек финалына шықты.
Дүбірлі доданың 1/8 финалындағы жетінші кездесуде Англия мен Германия жасыл алаңға шықты. Бүгінгі кездесуде екі құраманың да жарысты жалғастыруға мүмкіндігі зор болды. Десе де екінші кезеңнің соңына қарай ағылшын футболшылары жинақы қимыл көрсетті. Нәтижесінде қарсыластар қақпасына екі гол соғып кетті. Алдымен Рахим Стерлинг 75-минутта есеп ашса, одан кейін Гарри Кейн 86-минутта ойынның нүктесін қойды. Осылайша Англия қарсыласын 2:0 есебімен тізе бүктіріп, ширек финалға жолдама алды.
Енді олар ширек финалда 3 шілдеде Украина мен Швеция жұбының жеңімпазымен шеберлік байқасады.
Бұған дейін Франция турнирмен қоштасып, Испания ширек финалға жолдама алғанын жазған болатынбыз.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!