Президент Қазақстан футболшыларын жеңісімен құттықтады

23.09.2022 13:44

Қазақстан өз алаңында Беларусь құрамасын жеңіп, UEFA Ұлттар линасының B дивизионына жолдама алды

orda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан футбол құрамасын жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бүгін Беларусь командасын жеңген футболшыларымыз Ұлттар лигасындағы өз тобында жеке-дара көш бастады. Бұл – отандық футболдың зор жетістігі. Ұлттық құрамамызды құттықтаймын! Жеңістен жеңіске жете беріңіздер!» - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.

Еске сала кетейік, Қазақстан өз алаңында Беларусь құрамасын жеңіп, UEFA Ұлттар лигасының В дивизионына жолдама алды.