Италияның Пула қаласында 20 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы шахматтан әлем чемпионаты аяқталды. Блиц-турнирде қазақстандық Ксения Балабаева чемпион атанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ал күміс жүлдені Әмина Қайырбекова иеленді. Ерлер арасында 3-орынды Арыстан Исанжулов жеңіп алды.
Рапидте Ксения Балабаева 2-орын, Зейнеп Сұлтанбек 3-орын алды.
Ксения Балабаева - шахматтан Қазақстандағы жалғыз әлем чемпионы емес. 19 жастағы Бибісара Асаубаева блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы. Ол сондай-ақ Гиннестің рекордтар кітабына әйелдер арасындағы блиц бойынша ең жас әлем чемпионы ретінде кірді. 2021 жылы жеңіске жеткен кезде ол 17 жаста еді.
Сонымен қатар 23 жастағы Жансая Әбдімәлік жасөспірімдер мен жастар арасында әлем чемпионы атанып, өткен жылы неміс Бундеслигасын жеңіп алды.
Бұған дейін қазақстандық шахматшылар Польшада өткен әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болған. Бұл медаль - Қазақстан командасының әлемдік біріншіліктердегі үздік жетістігі.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!