Алматы «Үздік спорт өңірі» номинациясын жеңіп алды

15.12.2021 13:50

Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың Тwitter парақшасынан

Алматы еліміздің спорт федерациялары арасында дауыс беру нәтижесі бойынша «Үздік спорт өңірі» номинациясын жеңіп алды. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Тwitter парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Ұлттық Олимпиада комитеті Altyn Samgay-2021 сыйлығын табыстады. Алматы — еліміздің спорт федерациялары арасында дауыс беру нәтижесі бойынша «Үздік спорт өңірі» номинациясын жеңіп алды. Қаланың спорт қауымдастығын, барша алматылықтарды құттықтаймын!» – деп жазды қала әкімі.