2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамыз аралығына ауыстырылды
КНДР өз спортшыларын коронавирус инфекциясын жұқтырудан қорғау үшін Токио Олимпиадасына қатыспайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
КХДР Ұлттық олимпиада комитеті Пхеньянда өткен отырыста осындай шешім қабылдады. Токио Олимпиадасы 2020 жылы 24 шілде мен 9 тамызы аралығында өтуі тиіс еді. Бірақ коронавирус пандемиясына байланысты 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамыз аралығына ауыстырылды.