Екінші орта салмақтағы абсолют әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) қыркүйекте қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) үшінші жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Трилогия 17 қыркүйекте екінші орта салмақ дәрежесінде өтеді. Мексикалық боксшы абсолют чемпион титулын алғашқы рет қорғайды.
"Ресми. 17 қыркүйекте кездескенше", - деп жазды Головкин.
Еске салайық, Головкин мен Альварес бұған дейін Лас-Вегаста екі рет жұдырықтасқан - 2017 жылы боксшылар тең түссе, 2018 жылы Канело төрешілер шешімімен жеңген болатын.
GGG кейінгі жекпе-жегін сәуірде жапониялық Риота Муратаға қарсы өткізіп, 9-раундта техникалық нокаутпен жеңген еді.
Ал Канело мамырда ресейлік Дмитрий Биволдан төрешілер шешімімен жеңіліп қалған болатын.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!