Техаста мектепте атыс болып, 21 адам көз жұмды
© Reuters
Қала губернаторы Грег Эббот оқ атқан 18 жастағы жергілікті тұрғын екенін айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Техас штатының Ювалде қаласында (АҚШ) болған атыстан 14 мектеп оқушысы мен бастауыш сынып мұғалімі қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Қала губернаторы Грег Эббот оқ атқан 18 жастағы жергілікті тұрғын екенін айтты.
Телеарнаның мәліметінше, атыс ұйымдастырушы мектеп ауласына көлікпен келіп, ғимаратқа кіріп, оқ жаудырған.
Полиция өкілі Пит Арредондо күдіктінің жалғыз әрекет еткенін, мектепке барар алдында әжесін атып өлтіргенін айтты.
Ювалде бастауыш мектебінде оқ атылғаны туралы АҚШ президенті Джо Байден де хабарлады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
20.11.2026 13:47
Құқықтық тәртіп: Алматыда полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті
20.11.2026 12:39
Қазақстанда биыл 24,5 млн тонна астық жиналды – Президент
20.11.2026 14:58