ӘЧ-2022 барлық қатысушылары белгілі болды

07.12.2022 в 13:55

Марокко құрамасы Испанияны үйіне қайтарды

6 желтоқсанда әлем чемпионатының 1/8 финалының финалдық ойындары аяқталды. Оларда келесі кезеңге соңғы жолдамалар ойнатылды, – деп хабарлайды Almaty.tv «Чемпионатқа» сілтеме жасап.

Сонымен, Португалия құрамасы Швейцарияны 6:1 есебімен жеңді, ал Марокко Испания құрамасын пенальтилер сериясында сенсациялық түрде ұтты, сонымен қатар африкалықтар матчтан кейінгі серияда бірде-бір гол жібермеді. Сөйтіп дүниежүзілік додада ширек финалға шыққан барлық сегіз команда анықталды.Аргентина – Голландия, Бразилия – Хорватия, Англия – Франция, Марокко – Португалия.

Айта кетсек, бұған дейін Бразилия құрамасы Оңтүстік Кореяны, Хорватия Жапонияны жеңген, Англия Сенегалдан басым түсіп, Франция Польшаны, Аргентина Австралияны жеңсе, Голландия құрамасы АҚШ-тан басым түскен болатын.