Геннадий Головкиннің жекпе-жегі өтетін уақыты жарияланды
hdnux.com
Айқас Американың Флорида штатындағы Hard Rock Hollywood казино-қонақүйінде өтеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) 18 желтоқсанда АҚШ-та өтетін поляк боксшысы Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) жекпе-жегі туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы мен DAZN стриминг сервисі аталған оқиғаны ресми түрде жариялады. Айқас Американың Флорида штатындағы Hard Rock Hollywood казино-қонақүйінде өтеді.
«Бұл жай ғана жекпе-жек емес. Бұл айқастың үлкен мәні бар. Мен әрқашан барлық қарсыласыма үлкен құрметпен қараймын. Өзім шынымен боксты сағындым, осы жылы жекпе-жек өткізгім келді. Менің мақсатым – 21-ші рет әлем чемпионы атағын қорғау», – деді Геннадий.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
26.10.2026 09:15
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
25.10.2026 10:30
25 қазанда Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
25.10.2026 10:05