Роман Старченко 14 маусымнан кейін өз күшін басқа клубта сынап көруге бел буды
Қазақстан құрамасының капитаны 36 жастағы хоккейші Роман Старченко "Барыстан" мәскеулік "Спартак" командасына ауысты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Роман Старченко 14 маусымнан кейін өз күшін басқа клубта сынап көруге бел буды.
"Барыс" Романға клуб пен Қазақстанда хоккейдің дамуына қосқан зор үлесі үшін алғыс білдіреді. Сондай-ақ, оған алдағы карьерасында табыс пен көздеген барлық мақсатына қол жеткізуін тілейді!"- делінген "Барыс" ХК хабарламасында.
Қазақстан құрамасының капитаны ҚХЛ-ға кірген сәттен бастап "Барыс" сапында ойнады. Оның есебінде 740 матч және 377 нәтижелі әрекет бар.
Роман лиганың жетінші ойыншысы, спортшы бір команданың құрамында 200 гол соққан.
Айта кетері, Старченко елордалық клуб тарихындағы екінші снайпер.
Роман Старченко 2004/05 және 2006/07 маусымдарда Қазақстан чемпионы, 2013 жылы Қазақстанның үздік хоккейшісі болды, түрлі чемпионаттардың жеңімпазы.
Дереккөз: Sputnik