Жеңіліп көрмеген канадалық боксшы Стив Роллс Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығу үшін келісімде көрсетілген шарттарына келісті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ол DAZN компаниясында жүргізуші болып жұмыс істейді. «Головкин мен Роллс маусымда болатын жекпе-жекті өткізуге жақын тұр. Олардың айтуынша, келісім Роллстың көңілінен шығады», - деп жазған журналист Twiiter желісіндегі парақшасында.
Кейін қазақстандық боксшы канадалықты келесі жекпе-жекте қарсыласы болатынын айтты.
«Рингке шығар алдында сәл қобалжып тұрмын, бірақ мен бар өнерімді Big Drama Show MSG алаңында көрсетемін. MSG жанкүйерлерінің қолдауы өте күшті. Мен боксты сүйемін, Стив Роллске қарсы барымды саламын», - деді Головкин BoxingScene журналисіне берген сұхбатында.
Кездесу 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden алаңында өтеді. Боксшылар 164 фунт аралық салмағында кездеседі. Келесі аптаның басында, яғни 22 немесе 23 сәуірде бокс кешіне байланысты баспасөз мәслихаты өтеді. Билеттер 27 сәуірден бастап сатылымға шығады.