|
11.05.2022 | 09:09
4983

Әлем чемпионаты: Қазақстандық боксшы қыздардың қарсыластары анықталды

Финалдық сайыстар 19-20 мамыр күндеріне белгіленген

Әлем чемпионаты: Қазақстандық боксшы қыздардың қарсыластары анықталды

Түркияда өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізген екі қазақстандық спортшының алдағы қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

ҚазАқпарат мәліметінше, Алдымен 9 мамырда ел құрамасынан Валентина Хальзова (70 келі) кениялық Лорна Куса Симбиді тізе бүктірді.

Одан кейін 10 мамырда Алуа Балқыбекова (48 келі) канадалық Приянка Диллоннан басым түсті.

Енді В. Хальзова жарыстың алдағы сатысында Оңтүстік Кореядан келген Суджин Сеонмен жекпе-жекке шығады.

Ал А. Балқыбекованың ендігі қарсыласы – сербиялық Снежана Силикович.

Еске салсақ, бүгін бокстан әлем чемпионатында 4 қазақстандық қыз рингке шығады.

Ыстанбұлдағы әлемдік дода 9 мамырда басталған болатын. Финалдық сайыстар 19-20 мамыр күндеріне белгіленген.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир