Қазақстандық хоккейшілер 5 кездесуде 5 мәрте жеңіске жетіп, турнир қорытындысы бойынша 2-дивизионның "А" тобына енді
Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының финалдық кездесуінде шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық әйелдер құрамасы (U-18) Исландияны жеңді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Кездесу 7:0 есебімен аяқталды. София Зубкова (15:30, 18:36, 36:58), Мадина Нүсіпова (21:09), Анастасия Филимонова (27:56) және София Раковская (33:38, 57:32) үздік шықты.
Осылайша, қазақстандық хоккейшілер 5 кездесуде 5 мәрте жеңіске жетіп, турнир қорытындысы бойынша 2-дивизионның "А" тобына енді.
Олар осыған дейін Болгарияны (8:1), Жаңа Зеландияны (7:1), Бельгияны (5:3) және Эстонияны (8:0) ұтқан болатын. Қазақстан 15 ұпаймен В тобында бірінші орын алды.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!