Ангелина Лукас әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекте жеңіске жетті

26.08.2023 14:11

Турнир Ыстанбұлда өткен болатын

Из открытых источников

Қазақстандық боксшы қыз Ангелина Лукас (4-0, 2 КО) Ыстанбұлда өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ангелина қарсыласынан басым түсіп, атағын сәтті қорғады.

Ол Танзания өкілі Стумаи Мукиге (7-3, 0 КО) қарсы шыққан болатын. Жекпе-жек ең жеңіл салмақта өтті және ол 8 раундқа есептелді. Қазақстандық боксшы UBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын қорғауы қажет болатын. Кездесу төрешілердің шешімімен Ангелинаға бұйырды. Бұл ретте Африка өкілінің бір рет нокдаунда болғанын атап өту керек.

Ангелина Лукас осылайша өзінің кәсіби мансабындағы 5-жеңісіне қол жеткізіп, чемниондық атағын қорғап қалды. Стумаи Муки болса 4-рет жеңіліске ұшырады.