|
02.09.2024 | 09:12
997

Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирден 13 медаль жеңіп алды

Он спортшы қола жүлдегер атанды

Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирден 13 медаль жеңіп алды elements.envato.com

Ресей Читінде бокстан Еуразия Кубогы аяқталды. Қазақстан командасы 13 марапатқа ие болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

ҚР ҰОК ақпараты бойынша, 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде боксшы Төрехан Сабырхан жеңіске жетті, алтын медаль иеленді.

57 келіде Жансері Көшербаев пен 80 келіде Мадияр Бексұлтанов финалда төрешілер шешімімен жергілікті боксшыларға жол беріп, күміс жүлдеге ие болды.

Он спортшы қола жүлдегер атанды: 51 кг. Бексұлтан Боранбек, 54 кг. Әділбек Қожахан, 54 кг. Әли Мұрат, 57 кг. Бауыржан Мұратов, 63,5 кг. Асылхан Көшербай, 63,5 кг. Ахмет Үсен, 71 кг. Өнер Сейілхан, 75 кг. Санжарәли Бегалиев, 80 кг. Дамир Синеев, 92 кг. Аслан Елдібайұлы.

Оқи отырыңыз: БҚО-да ер адам көлікте тірідей өртеніп кетті

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир