|
11.04.2022 | 09:12
4864

Жапон боксшысы Головкиннің кәсіби шеберлігіне өз бағасын берді

Жапон боксшысы Головкиннің кәсіби шеберлігіне өз бағасын берді Sports.kz

Жапон боксшысы Риота Мурата (16-3, 13 КО) қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкиннің кәсіби шеберлігіне баға берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Мен Геннадий Головкиннің кәсіби шеберлігін сезіндім. Оның соққылары алуан түрлі екен, себебі ол ұрғанда әр тұстан қиғаштай соғады. Және соққысының ауырлығын да сезіндім», - деді Мурата.

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин Риота Муратаны 9-раундта нокаутқа түсіріп, WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы чемпион атанды.

Геннадий Головкиннің қарсыласын нокаутқа жіберген сәті бейнеленген видеоны мына сілтеме арқылы көруге болады.

Оның келесі жекпе-жегі қыркүйек айында мексикалық Сауль Альвареспен (57-1-2, 39 КО) болады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир