Қазақ күресінен Әлем кубогінде Қазақстан жалпыкомандалық 1-орын алды
qazaqkuresi.kz Instagram парақшасы
Жарысқа әлемнің 20 елінен келген балуандар сынға түсті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Румынияның Констанца қаласында қазақ күресінен өткен Әлем кубогінде ұлттық құрама өкілдері жалпыкомандалық бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі "Qazaq kuresi" ассоциациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қара теңіздің жағалауындағы бұл жарысқа әлемнің 20 елінен келген балуандар сынға түсті.
Қазақстандық балуандар барлығы 15 медаль жеңіп алды: 7 алтын, 1 күміс, 7 қола.
Әлем кубогында үздіктер қатарынан көріне білген балуандар медальдармен және ақшалай сыйақылармен марапатталды.
Жарыстың ұйымдастырушылары – «Qazaq kuresi» Ассоциациясы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Румыния «Qazaq kuresi» Ассоциациясы және Румыниядағы Қазақстанның елшілігі.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
08.10.2026 12:00
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
08.10.2026 17:29
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
08.10.2026 21:47
Қазақстанда жәрдемақы төлеу шарттары бекітілді
08.10.2026 12:37