Қазақстандық ескекшілер екі қола медаль жеңіп алды

02.10.2023 14:19

Қазақстан қоржынындағы медаль саны 33-ке жетті

Sports.kz

Ханчжоудағы 2023 жылғы Азия ойындарында (Қытай) ескек есуден финалдық жарыстар басталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Отандасымыз Кирилл Тубаев байдаркада және каноэде ескек есу бойынша МК1 1000 м дисциплинасында 3-орын алды.

Ал Тимофей Емельянов байдаркада және каноэде ескек есу бойынша MC1 1000 м бағдарламасында 3-орын алды.

Осылайша Қазақстан қоржынындағы медаль саны 33-ке жетті.