«Қазақ титаны» бокста «Иран Халкін» нокаутқа жіберді

01.08.2022 14:19

Алмат Жұманов «Wicked N’ Bad на Dubai P7 Arena» промоушенінің Дубайда (БАӘ) өткен турнирінде өнер көрсетті

стоп кадр

«Қазақ титаны» лақап атымен танымал алып күш иесі Алмат Жұманов «Wicked N’ Bad на Dubai P7 Arena» промоушенінің Дубайда (БАӘ) өткен турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

А. Жұманов турнирде өзін «Иран Халкі» деп атайтын өзге палуан Саджад Гарибимен кездесті. Олар жекпе-жекті бокс ережесі бойынша екі минуттан төрт раунд форматында өткізді. Айқаста «Қазақ титаны» жеңіске жетті – ол бірінші раундта-ақ оппонентін техникалық нокаутқа жіберді. 

Еске салайық, «Қазақ титаны» алып заттарды көтерумен, сүйреумен танымал. Ол биылғы сәуір айында АН-72 ұшағын орнынан қозғап, Гиннес рекордтар кітабына енді. Ал «Иран Халкі» бодибилдингте ауыр заттарды көтерумен танымал. Оның дене бітімі әлеуметтік желіде танымалдылық алып келді: бойы 188 см, салмағы 177 кг (оның көбі бұлшық ет).