Рыбакина – Серена Уильямсты жеңген алғашқы қазақстандық теннисші
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина америкалық Серена Уильямсты екі сетте 6:3 және 7:5 есебімен жеңіп, алғаш рет "Ролан Гаррос"-тың жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
21 жастағы Рыбакина 39 жастағы Серена Уильямспен алғаш рет кездесті. Франциядағы ашық чемпионатта Елена 21-нөмірмен, ал Серена 7-нөмірмен өнер көрсетіп жатыр. Рыбакина – Серена Уильямсты жеңген алғашқы қазақстандық теннисші. Бұған дейін америкалық спортшы отандық теннисшілерді 14 рет қапы қалдырған.
Енді Рыбакина ресейлік Анастасия Павлюченковамен кездеседі. Екеуі жұптық разрядта бірге ойнап жүр. Ресейлік теннисші 31-нөмірмен өнер көрсетеді. Төртінші айналымда Беларусияның өкілі Виктория Азаренконы (15-нөмір 5:7, 6:3 және 6:2 есебімен жеңген. Олардың кездесуі 2 сағат 9 минутқа жалғасты.
Ал Рыбакина Серена Уильямсқа дейін үш қарсыласын жеңген. Олар – француз Эльза Жакемо, жапондық Нао Химино және ресейлік тенисші Елена Веснина.