Юлия Путинцева Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына шықты

01.06.2023 14:21

Ол әлемнің 19-ракеткасы Чжэн Циньвэньнен басым түсті

novyefoto.ru

Қазақстандық спортшы Юлия Путинцева Франциядағы Ролан-Гаррос турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол әлемнің 19-ракеткасы Чжэн Циньвэньнен басым түсті. Жерлесіміз алғашқы сетті сәтті бастап, есеп 6:3 болды. Ал екінші сетті 4:6 есебімен қытайлық спортшы жеңді. Шешуші сетте 6:2 есебімен отандасымыз басым түсті. Путинцеваның келесі қарсыласы - әлемнің 30-ракеткасы, америкалық Слоан Стивенс.